Елімізде азық-түлік бағасы көтерілді

28.02.2019 21:00

Нан 1,5%-ға, вермишель, ұнтақ жармасы – 1,3%-ға, сұлы жармасы - 1%-ға, кеспе – 0,9%-ға қымбаттаған

Zhasalash.kz

2019 жылдың ақпанда қаңтар айымен салыстырғанда тары 5,3%, ұн – 3,2%, макарон мен күріш – 1,7% қымбаттады, деп жазды LS порталы хабарлайды.

Нан 1,5%-ға, вермишель, ұнтақ жармасы – 1,3%-ға, сұлы жармасы - 1%-ға, кеспе – 0,9%-ға қымбаттаған. Ал қарақұмық жармасы керсінше 1,4%-ға арзандаған.

Көкөністердің ішінде қияр бағасы 19,7%-ға, қызанақ 19,3%-ға, орамжапырақ 16,5%-ға, сарымсақ 4,7%-ға, пияз 3,4%-ға, қызылша 1,4%-ға көтерілген. Ал картоп пен алма құны сәйкесінше 0,3%-ға пен 0,2%-ға төмендеген.

Сол сияқты, сүт – 4,4%-ға, өсімдік майы – 1,7%-ға, маргарин – 1,3%-ға, ірімшік – 1,2%-ға, сары май – 0,8%-ға, күнбағыс майы мен майонез – 0,4%-ға, айран – 0,3%-ға өскен.

Сондай-ақ тауық етінің бағасы 1,7%-ға, балық консервісі – 1,3%-ға, қайнатылған шұжық – 1%-ға, жылқы еті мен жартылай кептірілген шұжық – 0,8%-ға, қой еті – 0,7%-ға, шошқа еті – 0,6%-ға, сиыр бауыры – 0,4%-ға қымбаттаған.