|
21.02.2022 | 16:21
4560

Смайылов көтерме-бөлшек сауда базарларындағы бағаны тәртіпке келтіруді тапсырды

Во время совещания по вопросам реализации поручений Президента был обсужден комплекс мер по контролю за инфляцией

Смайылов көтерме-бөлшек сауда базарларындағы бағаны тәртіпке келтіруді тапсырды Almaty.tv

Өндірушілердің көтерме-бөлшек сауда базарларына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты заңнамалық нормалар белгілеу қажет. Премьер-министр Әлихан Смайылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңесте осылай деді. Өңірлер бойынша бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Алматыда 0,6%-ға, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға тіркелген. Кеңесте инфляцияны бақылаудың кешенді шараларын қабылдау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


«Жекелеген көтерме-бөлшек сауда базарларында бағаны негізсіз көтеру байқалуда. Бұған жол бермеу керек. Түптеп келгенде бұл инфляцияға әсер етеді. Бұл салада мүмкін, қадағалау органымен бірге тәртіп орнату қажет. Жедел шаралардан басқа, өндірушілердің көтерме-бөлшек базарларына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты заңнамалық нормаларды белгілеудің жүйелі шараларын әзірлеу қажет», – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир