Мұнай бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 92 доллардан асты

04.02.2022 21:10

Бұған Нұр-Сұлтан уақытымен 14:51 болған сауда алаңындағы деректер дәлел

Фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың наурызында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,08%-ға өсіп, барреліне 92,09 долларға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған Нұр-Сұлтан уақытымен 14:51 болған сауда алаңындағы деректер дәлел. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 92,1 доллар болған. Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 92 доллардан асқан.