Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілге тапсырма берді

08.02.2023 21:13

Президентке кәсіпкерлік қызмет саласының қазіргі жағдайы баяндалды

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап

Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар мен отандық бизнесті одан әрі қолдау және кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Рустам Жүрсінов Президентке 2022 жылы 4408 өтініш келіп түскенін, оның 1530-ы (34%) оң шешімін тапқанын және 1030 (23%) өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ былтыр бизнес-омбудсмен еліміздің барлық өңірінде кәсіпкерлермен кездесу өткізген.

"Өткен жылы рейдерлікке қарсы күресті күшейтуге және бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғауға қатысты түзетулер заңнамаға енгізілді. Президентке кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы айттылды", – деді Рустам Жүрсінов.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің есебін қабылдап, бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.