Қаржы министрлігі қолма-қол ақша аударымдарына салық салмайды

Қаржы министрлігі қолма-қол ақша аударымдарына салық салмайды
Тек ақшаны «көлеңкелі» айналымнан шағару керек деді Ұлттық банк төрағасы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл тұрғыда осы төлемдерден салық төленіп жатқанын көргісі келеді. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ел тұрғындарының қолма-қол ақшасыз төлемдерін тексеруге қатысты көтерілген ұсыныстары туралы осылай деді. Сондай-ақ ол бұл үрдістің дұрыстығын, нәтижесінде ақша «көлеңкелі» айналымнан шағарылатынын атап өтті, хабарлайды Almaty.tv тілшісі

«Бұл мәселе бойынша Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі тиісті шараларды бірлесе іске асырып жатыр. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің артуы бюджет кірісін де өсіруі тиіс . Атап айтқанда, «көлеңкелі» экономиканы азайту бойынша біздің бірлескен жұмысымыз оңтайлы нәтижелермен сүйемелденгенін қалаймыз. Жалпы, бұл тұрғыда Қаржы министрлігі тиісті ұсынысты жасады, сәйкесінше, бұл тақырыпты қазір талқылап жатырмыз», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат ДОСАЕВ.

Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев төлем карталарына салық салу дұрыс емес дейді. Сондықтан қолма-қол ақшасыз төлемдерді тексеру ұсынысына қарсы екенін білдірді. Оның сөзінше, бұл кәсіпкерлерге салмақ салады. Қазақстанның электрондық жүйеге көшу саясатына қайшы. Себебі бүгінде тұрғындар азық-түлік, дәрі-дәрмек тағы да басқа тауарларды банк карталарын қолдану арқылы сатып алады.

«Негізінде төлем карточкаларының ішінде болып жатқан қозғалысты білу керек, талдау керек шығар. Себебі Ұлттық банк хабардар болу керек қой. Ал, бірақ оның үстіне салық салу меніңше, ол ең алдымен біздің кәсіпкерлікке үлкен кедергі болуы мүмкін. Екіншіден, жеке азаматтардың, қарапайым халықтың заңды құқығына нұқсан келтіру», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат ПЕРУАШЕВ.

Новости партнеров