|
17.10.2019 | 16:23
6284

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттайды

Болжамды мерзімі 1 желтоқсаннан басталуы мүмкін

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бензин акцизінің бағасын көтеру көзделіп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның сөзінше, бүгін АИ-92 маркалы жанармайдың бір литрі 150 теңгені құрап отыр. Ал оның акцизінің бағасы - 8 теңге. Бұл көршілес мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда аз, деп жеткізді Руслан Дәленов.

«Жобаларымызға сәйкес акциздің ставкасын 10 теңгеге дейін арттыру керек. Соны талқылаймыз», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ.

Осылайша бір литр бензиннің акцизі 18 теңге болады деп жоспарлаған. Жаңашылдық мұнай өнімінің барлық түріне қатысты болмақ. Министр шараның бюджетті шоғырландыру мақсатында іске асып жатқандығын алға тартты.

«Өздеріңіз білесіздер, бюджеттік шығындар едәуір өсті. Соның ішінде әлеуметтік міндеттемелер де ұлғайды. Республикалық бюджетте әлеуметтік салаға жұмсалған шығындар 45%-дан асты. Әрине, бюджетті шоғырландыру қажет. Мәселен, акциздердің қазыналық функциясы арқылы. Сәйкес қаулының жобасы қазір қоғамдық талқылауда. Жан-жақтан түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Болжамды мерзімі 1 желтоқсаннан деп отырмыз», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир