Бүгін шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынасты арттыру жайын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ, әкім Алматыдағы Ресейдің Бас консулы Евгений Бобровты қабылдады. Кездесу барысында қала әкімі Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сай, мегаполисті дамытудың басты бағыттары туралы айтып берді. Әрі екі жақты экономикалық ынтымақтастықты ары қарай дамыту туралы келісімге келді.
Бүгінде Алматыда ресейлік капиталмен сауда, қаржы, медицина, өнеркәсіп салаларында 3000-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. былтыр Алматы мен Ресей арасындағы тауар айналымы 6,8% құраған. Мәдени байланыстың да алтын көпірі тұрғызылған. Биыл қазан айының алғашқы онкүндігінде Алматыда Мәскеу күндерін, ал 4-6 қарашада Санкт- Петербургтың гуманитарлық- іс- қимыл миссиясын өткізу жоспарланып отыр.