Мақсат – адамдардың моральдық-этикалық түсінігіне ықпал етіп, адал әрі ашық қоғам қалыптастыру
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдері ел аралауға шықты. Қоғам белсенділерінен құралған топ алғашқы кездесуін Алматыда өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Штаб өкілдері жергілікті ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшелерімен кездесті. Жиын Алматы қаласы әкімдігі және Полиция департаментінде ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – адамдардың моральдық-этикалық түсінігіне ықпал етіп, адал әрі ашық қоғам қалыптастыру. Ең бастысы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
«Біз бұған дейін агенттіктің төрағасының тапсырмасымен арнайы мониторингтік топпен Қазақстанды 4 рет аралап өткен болатынбыз. Ауыл-ауылдарға дейін бардық. Сол жердегі ең бастысы байқағанымыз халыққа үгіт-насихат жұмыстары жетпей жатыр екен. Отырып тілдессең, талай түйіні шешілетінін білдік», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман БЕРДАЛИН.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың толыққанды қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық облыстарында аймақтық ақпараттық-насихаттау штабы жұмыс істейтін болады. Алдағы уақытта ақпараттық-насихаттау тобы мұндай кездесулерді Алматы облысында өткізуді жоспарлап отыр.