Елімізде мұнай өндіру көлемі қысқарады

15.08.2023 21:31

Кен орындарында жөндеу жұмысы жалғасып жатыр

tengrinews.kz

Маңғыстау атом электр комбинатындағы апатқа байланысты елімізде мұнай өндіру көлемі төмендейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алмасадам Сәтқалиевтің ақпарынша, электр энергиясын жеткізудегі шектеуге байланысты тәуліктік мұнай өндірісі төмендейді. Биылғы жылдық қорытынды бойынша ол шамамен 89,4 миллион тонна болады деп жоспарлануда. Бұл әзірге нақты көрсеткіш емес, өйткені кен орындарында әлі жөндеу жұмысы жалғасып жатыр.

– Мұнай өндіру көлемін қысқарттық. Өздеріңіз білетіндей, біз 90,5 миллион тонна мұнай өндіруіміз керек еді. Бұл жерде мәселе тек Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы апатта ғана емес. Кен орындарында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүрді. Оның қосымша көлеміне байланысты да мәселелер туындады. Қазір электр энергиясын күніне 12 мың тоннаға дейін шектеуге байланысты жоспардан ауытқып отырмыз, – деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Оқи отырыңыз: Өркениеттен шет қалдық: Алматы облысының тұрғындары жарықсыз отыр