Елімізде азық-түлік бағасы қымбаттады

egemen.kz
egemen.kz
Ет бағасы соңғы бір жылда 15 пайызға
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде ет бағасы соңғы бір жылда 15 пайызға, ал азық-түлік өнімдері 10 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай деректерді Energyprom.kz мониторингтік агенттігі жариялады. Биылғы жарты жылдықта ет өнімдері өткен жылдағы осы мерзіммен салыстырғанда 13,8, құс еті  15,3 пайызға артқан. Ал жалпы елдегі инфляция деңгейі - 6,5 пайыз. Сарапшылар әсіресе сиыр етінің қымбаттауы елдің қалтасын қағатынын жазған. Дәлірек айтсақ, сиыр еті  былтырға қарағанда бірден 17,9, ал қой етінің бағасы 18 пайызға өскен. Айта кету керек, мұндай өсім жыл сайын байқалады. Мәселен 2019 жылы ет пен құс етінің бағасы 11,9-ға қымбаттаған болатын.


ГРАФИКА-1:

                                          2019        2020

ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІ   110,9%  113,8%

ҚҰС ЕТІ                            111,9%      115,3%

СИЫР ЕТІ                         110,8%   117,9%

ҚОЙ ЕТІ                            112,2%       118,0%

                                           


Новости партнеров