Дүйсенбі, 29 шілде күні доллар бағамы ұлттық валютаға шаққанда рекордттық көрсеткішке жетті. Қазақстандық қор биржасы
(KASE) сауда қорытындысы бойынша оның бағамы бүгін 385,1 теңгені құрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жұма күнгі бағаммен салыстырғанда доллар құны 18 тиынға қымбаттап, өзінің тарихи көрсеткішіне жеткен.
Айта кетерлігі бұған дейін долларға шаққандағы теңге бағамының 385 теңгеден асқаны бұрын-соңды тіркелмеген.
Kurs.kz мәліметтері бойынша, Алматының айырбас нүктелерінде америкалық валютаның максималды бағамы 387 теңге жеткен.