Қазақстанда үш қаланың әуежайы әкімдіктің меншігіне өтпек

05.04.2019 15:06

Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі қатысқан отырыста үш әуежайды коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен жиында «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ, «Павлодар әуежайы» АҚ енді тиісті облыс орталықтары әкімдіктерінің коммуналдық меншігіне өтетіні хабарланды.

Бұл шешімді қабылдауға азаматтардың көлік қызметіне қол жеткізудегі қажеттілігі мен өңірлерді дамытудағы әуежайлардың әлеуметтік маңызы себепкер болып отыр.