Бизнеске арналған жеңілдетілген несиенің мөлшерлеме пайызы төмендеді

Алматы қаласы әкімдігінен
Алматы қаласы әкімдігінен
Шартқа сәйкес, несиелеу сомасы – 100 млн теңге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аймақтық бағдарлама аясында бизнеске арналған жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

«Almaty Business» өңірлік бағдарламасы аясында «Jana Business» жаңа қосалқы өнімі 7% орнына 6% жеңілдетілген несие бойынша ең жоғары мөлшерлеме болады. Шартқа сәйкес, несиелеу сомасы – 100 млн теңге, 7 жыл мерзімге беріледі.

«Бағдарламаның тағы бір жаңашылдығы – өнеркәсіп парктері субъектілеріне жылдық 6%-бен, 500 млн теңгеге дейін, 7 жылға дейінгі мерзімге несие алу мүмкіндігін беру», - деді Берік Солтанбаев.

Тиісті басқарманың басшысы «Алматы Бизнес-2025» өңірлік бағдарламасы аясында 2023 жылдың алғашқы 6 айында 88 жоба қаржыландырылып, 707 жұмыс орнының құрылғанын атап өтті.

Новости партнеров