Қазақстан пандемия кезінде жалпы ішкі өнімнің қанша пайызын жұмсауы тиіс

02.07.2020 21:58

Бұл туралы Astana International Exchange Төрғасы Тимоти Беннетт хабарлады

inbusiness.kz

Қазақстан әлемдік пандемия кезінде жалпы ішкі өнімнен 15-20 пайызын ғана жұмсауы тиіс, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонда ғана ішкі экономика қайта қалпына келмек. Бұл туралы Astana International Exchange Төрғасы Тимоти Беннетт хабарлады. Оның айтуынша, бұл тек ел экономикасын ретке келтіріп қана қоймай, халықаралық инвесторларға да зор мүмкіндік болар еді. Елдегі карантин кезінде жалпы ішкі өнімнің 8 пайызы денсаулық сақтау мен жұмыссыздар санын азайтуға жұмсалған. Сондай-ақ, қазір Ұлттық мұнай қоры жалпы ішкі өнімнің 36 пайызын құрайды. «Бұл басқа нарықтық экономикамен салыстырғанда елдің сыртқы қарызының төмен екенін көрсетеді», деді Тимоти Беннетт.