Brent маркалы мұнай бағасы алғаш рет 65 доллардан арзандады

21.08.2021 22:04

Бұл қор биржаларындағы сағат 00:02-дегі сауда алаңындағы деректерден мәлім болды

Фото: ашық дереккөзден

Лондон ICE биржасында 2021 жылдың қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 64,97 долларға дейін 2,23%-ға төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл қор биржаларындағы сағат 00:02-дегі сауда алаңындағы деректерден мәлім болды. Соңғы рет Brent бағасы 21 мамырда барреліне 65 доллардан төмен болған. Сағат 00:21-ге қарай Brent маркалы мұнай бағасы $65,04 (-2,12%) деңгейінде болған. WTI маркалы мұнай барреліне 61,86 долларға дейін арзандады (- 2,58%).