Ақшаны болашақта баспана сатып алуға немесе білім алуға жұмсай алады
Парламентте Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Жоба қаңтардан бастап іске қосылады. Заңға сәйкес, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың зейнетақы жинақтау қорынан ашылған шотына аударылады. Бұл ақшаны олар болашақта баспана сатып алуға немесе білім алуға жұмсай алады. Бұл ретте қаражатты шетелдік жоғары оқу орнында білім алу үшін пайдалануға да рұқсат етіледі. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды. Ал егер өмірден өтсе, жиналған ақша мұрагерлеріне яғни ата-анасына, бауырларына беріледі.
– Қаражат Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы 18-ге толмаған жасөспірімдерге теңдей бөлінеді. Бәріне бірдей. Бұл егер азамат 18-ге толмай азаматтығын жоғалтып жатса, онда бұл құқықтан айырылады. Не болмаса басқа елден келген азамат Қазақстанға келіп азаматтық алып жатса, сол келген жасынан бастап жыл сайын үлесі есеп шотына жиналатын болады, – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев.
Оқи отырыңыз: Балабақшаларда тегін тамақпен қамтылған балалар санатына кімдер жатады