Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өзінің ресми атауын «Отбасы банк» деп өзгертті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Банктің жалғыз акционері болып акциялардың мемлекеттік пакетін иеленуге және пайдалануға 100% құқығы бар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қала бермек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өзінің ресми атауын «Отбасы банк» деп өзгертті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы банктың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.  

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  ресми түрде «Отбасы банк» болды.

2020 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамына қайта тіркеу жүргізілді.

Бүгінгі күннен бастап Банктің толық атауы:

- мемлекеттік тілде: ««Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы;

- орыс тілінде: акционерное общество «Жилищный строительный сберегательный банк «Отбасы банк»»;

- ағылшын тілінде: joint stock company ««Otbasy bank» house construction savings bank».

қысқаша атауы:

- мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» АҚ;

- орыс тілінде: АО «Отбасы банк»;

- ағылшын тілінде: JSC «Otbasy bank», – деп жазылған.

Сонымен қатар, банктің жалғыз акционері болып - акциялардың мемлекеттік пакетін иеленуге және пайдалануға 100% құқығы бар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қала бермек. Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгертіледі.

«Бүгіннен бастап «Отбасы банк» деп аталатын бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк ретінде қала бермек. Сондай-ақ қаржы құрылымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетіндегі қызметін де өзгертпейтін болады.

Сонымен қатар, 2021 жылы «Отбасы банк» тұрғын үйді тіркеу, есепке алу, үлестіру жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады. Ал бұл міндеттерді іске асыру үшін кезекке қою жүйесін әкімдіктерден «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне» тапсырып, тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Баспанамен қамтамасыз ету орталығын» құру жоспарланған. Бұл жағдайда тұрғындарымызға баспанаға мұқтаж екенін растау үшін бірнеше мекемеге жүгініп, кезекте тұрып, ізінше несие алу үшін Банкке келіп әуре-сарсаңға салынбай, мәселесін бір орталықтан шешу мүмкіндігі туады», – делінген хабарламада

Новости партнеров