Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады
ealty.rbc.ru
Абаттандырылған тұрғын үйлер – 0,7%, абаттандырылмаған 0,4%-ға өсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2020 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,8%-ға қымбаттады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Комитеттің деректеріне сәйкес, абаттандырылған тұрғын үйлер – 0,7%, абаттандырылмаған 0,4%-ға өсті. Ал есепті кезеңде абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,9%-ға жоғары болды.
2020 жылғы қаңтарда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрін сатудың орташа бағасы 295 180 теңгені (жылдық өсім — 6,7%), қайта сатылатын жайлы тұрғын үй – 203 091 теңгені (6,7%), абаттандырылмаған тұрғын үй – 126 500 (5,7%) теңгені құрады. Сондай-ақ, орта есеппен ел бойынша абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу шаршы метр үшін 1 529 теңгені (6,5%) құрайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59