Ұлттық банк өкілі елдегі бизнес-ахуалға қатысты жағдайға баға берді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Аймақтар бойынша ақпанда 8 өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, 9 өңірде нашарлағаны байқалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алынған бағалаудың нәтижесі бойынша, іскерлік белсенділік индексі ақпан айында жоғарылап, 50,6 (қаңтарда – 50,0) болды. Индекстің жоғарылауы – қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің 50,6-ға дейін көтерілуімен байланысты (қаңтарда – 49,4). Өнеркәсіп пен құрылыста индекстердің мәні айтарлықтай өзгермей, сәйкесінше 51,4 және 46,0 құрады (қаңтарда – 51,8 және 45,7). Бұл туралы 2022 жылдың ақпан айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесінен мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның деректеріне қарағанда, аймақтар бойынша ақпанда 8 өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, 9 өңірде нашарлағаны байқалды. Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Түркістан облысы (56,2) мен Шымкент қаласында (53,7), төмен деңгейі Жамбыл облысы (44,7) мен Алматы қаласында (45,7) тіркелді. 2022 жылдың ақпан айында кәсіпорындар бүгінгі бизнес-жағдайды жалпылай теріс бағалады, алайда бағалау өткен айға қарағанда жақсырақ болды: оң және кері бағалардың айырмасы бойынша жауаптар теңгерімі қаңтардағы (-) 2,3 тен (-) 1,4 дейін көтерілді. Кәсіпорындардың дерегі бойынша, қаржы/несиенің қолжетімділігінен басқа факторлардың бағасы жақсарды. Аталған фактор 2021 жылғы қаңтардан бері алғаш рет теріс мәнге ие болды (-0,5). Қалған факторлардың (салық ауыртпалығы, сұраныс деңгейі, бизнесті қорғау мәселелері) бағалауы жақсарғанымен, әлі де теріс мәнге ие болып отыр (сәйкесінше, (-)5,5, (-)4,0 және (-)1,1). 

Оң мәнге ие болғаны – тек инфрақұрылым (0,7). Алдағы 6 айға арналған бизнес-жағдайға қатысты оптимизм жоғарылады: болашақ жағдайды бағалау 21,5 құрады (қаңтарда – 17,9), сонымен қатар қазіргі бизнес жағдайдың бағасы жақсарып, (-)1,4 болды (қаңтарда (-)2,3). Нәтижесінде экономикада бизнес ахуал индексі 11,4-ке дейін айтралықтай жоғарылады (қаңтарда – 7,4). 2022 жылғы ақпанда сауалнамаға 465 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 71, өнеркәсіпте – 177, қызмет көрсетуде – 217.


Новости партнеров