Жалпы ТМД елдеріне 4 мың тоннадан астам жеміс экспортталды
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан 4,1 мың тонна алма мен алмұрт экспорттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда өсірілетін алма мен алмұрт негізінен Ресей (3,1 мың тонна – жалпы көлемнің 75%-ы), Өзбекстан (616,4 тонна) және Беларусь (216,9 тонна) елдеріне шығарылады.
Ең азы – Қырғызстанға: 37 тонна.
Жалпы ТМД елдеріне 4 мың тоннадан астам жеміс экспортталды. Әлемнің басқа елдерінің арасынан Моңғолияға 141 тонна алма мен алмұрт жеткізілді.
Осы кезең аралығында 113,5 мың тонна алма мен алмұрт импортталды.
ТОП 3 мемлекет:
Польша – 62 мың тонна (импорттың жалпы көлемінің 54,8%);
Өзбекстан – 17 мың тонна және Иран – 10 мың тонна.