Қазақстандықтар азық-түлікке бір айда 255 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған

19.05.2020 22:42

Бұл кезеңде бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі бірден 51,5% өскен

Фото: hommes.kz

Сәуір айында отандастарымыз азық-түлікке 255 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл кезеңде бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі бірден 51,5% өскен.  

Осылайша, қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде ақшасының басым бөлігін азық-түлікке жұмсаған. Басқа да тауарлардың саудасы онлайн жүргізілгенімен, қарқыны бұрыңғыдай болған жоқ.

Төтенше жағдай кезінде бөлшек сауда екі есеге төмендеген. Халық сәуірде дүкен, базар және басқа да сауда орындарынан шамамен 495 миллиард теңгеге сауда жасапты. Дегенмен бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,9%-ға аз көрсеткіш. Басқа аймақтармен салыстыратын болсақ, азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларға ең көп қаражат жұмсаған алматылықтар екен. Олар 114 миллиард теңгеге жуық қаржы жаратқан.

ГРАФИКА-1

АЗЫҚ-ТҮЛІК   255,4 МЛРД ТГ /51,5%

ГРАФИКА-2

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК ЖӘНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК ЕМЕС ТАУАРЛАР  -  495,7 МЛРД ТГ /40,9%

ГРАФИКА-3

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ   113,9 МЛРД ТГ