Алматы облысында аяқ киімдерді заңсыз тіккен цех анықталды

14.05.2019 00:23

Бүгінде 100-ге тарта тауар белгілері тәркіленді

Алматы облысында танымал спорттық сауда белгілерін қолданып, контрафактілік аяқ киім шығарған астыртын цех анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Облыстық экономикалық тергеу департаментіне белгілі компания өкілі тауар белгілерінің заңсыз пайдаланып жатқаны туралы шығым түсірген. Салықшылар жедел іздестіру кезінде Алматы облысы Іле ауданында орналасқан астыртын цехтен мыңнан астам заңсыз аяқ киімнің дайындалғаны анықталды. Сонымен қатар, 100-ге тарта тауар белгілері тәркіленді.

Қазір жалған тауар өндіріп келгендердің үстінен «тауар белгісін заңсыз пайдалану» дерегі бойынша  қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.