Банктердің кредит беруі кезінде комиссия алуына тыйым салынды

МИА «Казинформ»
МИА «Казинформ»
2019 жылғы 1 ақпаннан бастап өзгерістер күшіне енді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктерге жеке тұлғаларды кредиттеу кезінде комиссиялардың жекелеген түрлерін алуға тыйым салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Екінші деңгейдегі банктердің  ай сайынғы негізде комиссияларды алуын қысқарту мақсатында Ұлттық банк қарызды берумен және қызмет көрсетумен байланысты банктік шотты жүргізгені үшін, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттары бойынша қарызды банктік шотқа аударғаны (бергені) үшін комиссиялар белгілеуге және алуға тыйым салды. Тыйым 2019 жылғы наурыздан бастап жасалатын банктік қарыз шарттарына қолданылатын болады», - деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.

Ұлттық банк мәліметінше, 2019 жылдан бастап сыйақымен және тұрақсыздық айыбымен қатар, банктер жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша мерзімі қатарынан күнтізбелік 180 күн өткеннен кейін есептелген қарызды берумен және қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен өзге төлемдерді талап етуге құқылы емес.

2019 жылғы 1 ақпаннан бастап өзгерістер күшіне енді, оған сәйкес банктерге қарыз алушыларды төленетін сыйақының мөлшері туралы хабардар ету мақсатында сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін жылдық пайызбен ғана емес, сол сияқты белгілеген сомада, яғни нақты сома мөлшерінде көрсету мүмкіндігі беріледі.

«Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін белгіленген сомада бір айдан аспайтын мерзімге берілген қарыз, төлем карточкасы бойынша кредиттік желі шеңберінде берілген қарыз, овердрафт кредиті, сондай-ақ кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім бойынша ғана белгілеуге болады. Бұл ретте белгіленген сомадағы сыйақы мөлшерлемесімен қарыздар бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшері заңнамада белгіленген шектеуден аспауға тиіс», - делінген хабарламада.

Новости партнеров