2019 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 8 210 млрд теңгені немесе 104,8% құрады (ҚР - 104,3%, 44 297,9 млрд теңге), ҚР-дағы үлесі 18,5%).
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі 6 саланың даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,1% (ҚР – 105%) құрады.
Инвестициялар және инфляция
Қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға инвестиция көлемі 8,3% өсіммен 821 млрд теңгені құрады (ҚР – 8,5%, 12 545,9 млрд теңге, ҚР-дағы үлесі 6,5%). Сыртқы инвестициялар 152,6 млрд теңгені құрап, 21,6%-ға өсті (үлесі – 18,6%).
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы желтоқсанға қарағанда 2019 жылдың желтоқсанында 105,2% құрады (ҚР-да 105,4%).
Өнеркәсіп
2019 жылы өндіріс көлемі 957,1 млрд теңгені құрады. НКИ-104,5% (ҚР-103,8%, 29 102,9 млрд теңге, ҚР үлесі-3,3%).
Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны 105,3% (758,5 млрд теңге, үлесі – 79,2%, ҚР – 104,4%, 11 192 млрд теңге, ҚР-дағы үлесі – 6,8%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 100,1% (171,3 млрд теңге, үлесі 17,9%), сумен жабдықтау өндірісінің көлемі 28,8% (27,3 млрд теңге, үлесі – 2,8%) өсті.
Құрылыс және тұрғын үйлерді пайдалануға беру
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,4%-ға өсіп, 364,3 млрд теңгені құрады (ҚР – 112,9%, 4 416,7 млрд теңге, ҚР – дағы үлесі-8,2%).
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2 102 мың шаршы метрді немесе 2018 жылға 104,8% құрады (ҚР – 112,9%, 4 416,7 млрд теңге, ҚР-дағы үлесі 8,2%). Оның ішінде жеке құрылыс салушылармен 611 мың шаршы метр немесе 2018 жылға 74,8%.
Сауда және көлік
2019 жылы бөлшек сауда көлемі 3 556,5 млрд теңгені құрап, 12,1%-ға артты. 2019 жылы көтерме сауда көлемі 12 162,8 млрд теңгені немесе 101,6% құрады (ҚР – 5,8%, 11 345,6 млрд теңге, ҚР үлесі 31,3%).
Көлік және қоймалау саласының жалпы шығарылымы 11,9% өсіммен 1 172,9 млрд теңгені құрады (ҚР – 5,1%, 8 165,8 млрд теңге, ҚР-дағы үлесі 14,4%).
Байланыс және ШОБ
Байланыс қызметтерінен түскен кірістер 473 млрд теңгені құрады, НКИ-104,8% (ҚР-5,2%, 800,1 млрд теңге, ҚР-дағы үлесі 59%).
2020 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 190,2 мың немесе 2019 жылғы тиісті кезеңге 109% құрады.
Қала туралы жалпы мәліметтер
Аумағы: 683,5 ш. км.;
Халық саны: 1 909,5 мың адам (1.12.2019 ж., өсім 3%).
Қаланың әкімшілік бөлінуі 8 аудан – (Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Наурызбай, Медеу, Түрксіб).