Елімізде бюджеттің 78 млрд теңгесі игерілмеген

13.09.2022 в 23:18

Оның ішінде 7 млрд теңгесі үнемделген

Елімізде 78 млрд теңге әлі игерілмеген. Бөлінген бюджет қаржысын мақсатты пайдалана алмай отырған өңірлер Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстарында байқалған. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қазынадағы ақшаның атқарылмаған жалпы соммасы – 85 млрд теңге. Оның ішінде  7 млрд теңгесі үнемделген. Министр өңірлердің сылбыр қимылдауының негізгі себебі – жобалық-сметалық құжаттаманы түзету, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу деп атап өтті.  

«Игерілмеудің неғұрлым ірі соммалары ІІМ, Қорғаныс, ТЖМ және оқу-ағарту министрлігінде  қарастырылды. Игерілмеудің негізгі себептері конкурстық рәсімдер ұзақ өткізу. Орындалған актілерді уақытылы ұсынбау», – деді ҚР Премьер-Министрнің орынбасары Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.