Олар бақылаудың жаңа жүйесіне көшуді кезең-кезеңімен атқару керек дейді
Олардың айтуынша, бақылаудың жаңа жүйесі мемлекетке айтарлықтай пайда әкелмейді, керісінше, салық төлеушілердің шығынын арттырмақ. Қазір сауда-саттық саласында миллионнан астам отандық кәсіпкерлер жұмыс жасауда. Соның өзінде, олардың тек 30 пайызы салық қызметіне есеп береді екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сарапшылар нарықта POS-терминалдары пайда бола саласымен, әлеуетті салық төлеушілер салықтан жалтарады деп сендірді. Бизнес өкілдерінің айтуынша, бақылаудың жаңа жүйесіне көшуді кезең-кезеңімен атқару керек.
«Бұдан бақылау күшеймейді, бәрі қаз-қалпында қалады. Бір ғана нәрсе, егер де бұл жүйе мемлекетке ешқандай пайда әкелмесе, одан кәсіпкерлер тек зардап шексе, демек бұл – тек ірі сауда жүйелеріне тиімді деген сөз. Яғни, нарықтан кішігірім кәсіпкерлерді ығыстыру, өйткені олардың шығыны одан сайын арта түспек», – деді «Қазақстан тәуелсіз автобизнесі одағы» басқармасының төрағасы Берік ЗАИРОВ.