Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты
2022 жылы Қазақстанда цифрлық теңге енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Е. Досаевтың айтуынша, қазіргі уақытта цифрлық теңге платформасының прототипін әзірлеу аяқталды. Нарық қатысушыларымен және халықаралық ұйымдармен талқылаулар сериясы өткізілді. Пилоттық жобаның аралық нәтижелері Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде таныстырылды.
«2021 жылғы 15 желтоқсанда пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қорытынды баяндама жарияланады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк 2022 жылғы 1 шілдеге дейін пайда мен шығыстарды бағалай отырып, цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделін әзірлейді. 2022 жылғы желтоқсанда цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы қорытынды шешім әзірленеді», – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.