|
24.01.2023 | 21:31
2911

Биыл депозиті бар 5 миллионнан астам қазақстандық сыйақы алуы мүмкін

Өтемақы алуға өтініш беру мерзімі ұзартылды

Биыл депозиті бар 5 миллионнан астам қазақстандық сыйақы алуы мүмкін Фото:Total.kz

Биыл депозиті бар 5 миллионнан астам қазақстандық сыйақы алуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ресми статистикаға сүйенсек, қазір қорында 1 миллион теңгеден астам ақшасы бар азаматтардың 94 пайызы өтініш беріп үлгерген. Депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері сыйақы алудың басты шарты – салым соңғы күнін қоса алғанда 23 ақпанға дейін сақталуы тиіс.

Өтемақы алуға өтініш беру мерзімі ұзартылды. Енді ақшасын депозитте сақтаған қазақстандықтар 10 ақпанға дейін банктерге жүгіне алады. Алайда сыйақы берудің уақыты да кейінге шегеріліп отыр. Айта кетсек, өтемақы алу үшін салымшыда 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашылған депозиті болуы керек.

«Ол депозитті 1 жыл бойы шешпей сақтауы тиіс және өтемақы алу үшін өтініш беру арқылы келісімін растауы керек. Төлем 23 ақпаннан кейін басталады. Наурыз айының ортасына қарай төленеді», – деді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов.

Сыйақыны қаражатын теңгемен сақтаған салымшылар ғана алады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, өтемақы жеке тұлғаның қорындағы бар соманың 10 пайызы мөлшерінде төленеді.

«Шотында 100 мың теңгесі болса, жылдың ортасында соның 50 мыңын шығарып алған болса, 50 мыңға ғана төленеді. Ең төменгі мөлшеріне 10 пайызы төленеді», – деді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов

Өтемақы алуға өтінішті, смартфондағы банктердің қосымшасы арқылы, онлайн беру мүмкіндігі де қарастырылған. Айта кететіні, салымшыларға төленетін сыйақыға мемлекеттен 300 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді.

Оразай Нұртайұлы, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир