10 ұлттық жоба: Қазақстанда жеке кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасалады

Almaty.tv
Almaty.tv
Кәсіпкерлікті дамыту жобасының мақсаты – кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестікті кешенді дамыту
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берген болатын. Осылай ел тарихында тұңғыш рет бірден 10 ұлттық жоба қабылданды. Олар қоғам мен мемлекет өмірінің барлық маңызды қырын, сондай-ақ экономиканың басым салаларын қамтиды. Басты бағыттың бірі – кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы. Бұл жобаның мақсаты – бизнес белсенділігін арттыру үшін кәсіпкер санының өсуін қамтамасыз етуге және бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған. Жоба 4 міндет, 20 көрсеткіш және 94 іс-шарадан тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.                 

«Қазіргі кезде біздің президентіміз ұстанып отырған позициясын өте дұрыс деп ойлаймын.Кәсіпкер ретінде айта кететінім, денсаулық мәселесі, кәсіпті жандандыру, жұмыссыздықты азайту сынды өзекті мәселелер айтылады. Оның бәрі дұрыс деп ойлаймын», – дейді кәсіпкер, ресторатор Ажар Фатхулла.

Айта кетейік, ұлттық жоба аясында елде жеке кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасалады. Бизнеске қажетті еңбек ресурстары даярланып, субсидияланатын жұмыс орындары ұйымдастырылады.  

Новости партнеров