Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту бастамасы пысықталды
Елімізде қуаттылығы 26 Гигават болатын жаңа энергия өндіру нысандары бой көтереді. Бұл туралы Астанадағы Орта Азия Энергетика министрлерінің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Басқосуда Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту бастамасы пысықталды. Уағдаласқан жобаны Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан бірлесіп жүзеге асырады. Бастама аясында үш елдің энергетика министрлері тиісті меморандумға қол қойды. Маңызды құжат бойынша экологиялық таза көздерден өндірілген электр энергиясы өзге де елдерге экспортталады. Ол үшін Каспий теңізінің астымен жоғары вольтты кабель тарту жоспарланған.
- Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік - әрбір ел үшін стратегиялық маңызды. Қазір біздің алдымызда тұрған басты сын-қатерлердің бірі – энергетикалық ресурстарды жеткізу тұрақтылығының жаһандық бұзылуы. Өз кезегінде Қазақстан қолданыстағыларын жаңғырту бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыруды қолға алып отыр, - деді ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Оқи отырыңыз:Қазақстан мен Қытай қандай келісімшарттарға қол қойды