|
24.10.2023 | 19:14
685

Энергетикалық компанияның құнды қағаздары сатылымға шықты

Қазақстандықтар 2 қарашаға дейін өтініш бере алады

Энергетикалық компанияның құнды қағаздары сатылымға шықты Almaty.tv

Қазақстандықтар 2 қарашаға дейін өтініш беріп, «KEGOC» акционерлік қоғамының салымшысы атана алады. Бұл туралы компанияның Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ акционерлерге жылына екі мәрте дивиденд төленіп, азаматтардың кірісі 30 пайызға дейін ұлғаятынын айтты.

Айта кетейік, елдегі жетекші энергетикалық компанияның құнды қағаздары алғаш рет 2014 жылы сатылымға шыққан еді.

– Тоғыз жыл дивиденді 2 рет төледік. Дивиденд сомасы 218 млрд теңге болды. Сол кезде акция бағасы 505 теңгеден, қазіргі таңда 1,5 мың теңгеге дейін өсті. 2014 жылы акцияны сатып алғандардың бүгінгі таза табысы 400 пайызға жетті, – деді «KEGOK» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева.

Мамандар «электр энергиясын тасымалдаушы компанияның акциялары биржа саудасында сұранысқа ие болады» дейді. Былтыр кіріс көлемі 27 млрд теңге болса, биылғы көрсеткіш 31 млрд теңгеге жетуі тиіс.

– Әлеуеті өте жоғары деп айта аламыз. Сондай-ақ ол Үкімет бекіткен жекешелендірудің 2021-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарының шеңберінде жүзеге асады. Мұның бәрі ел экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен мақұлданған, – деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Аджиходжаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир