Экономика министрі доллар бағамына болжам жасады

26.05.2022 00:30

Әлібек Қуантыров қаңтарда зардап шеккен кәсіпкерлерге салық жеңілдігі қарастырылғанын жеткізді

ашық дереккөз

Теңге нығайды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бұған дейін доллардың қымбаттауына байланысты теңге бағамы өзгерген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ал доллардың шарықтауына бизнес пен халықтың бір бөлігі долларды жаппай сатып алуы себеп болған. Соның салдарынан теңге бағамына қысым жасалған. «Қазір жағдай әлдеқайда жақсарған деп айта аламыз. Соған қарамастан біз наурыз айында бюджетті нақтылауды бастадық. Болжам нша, бюджеттегі доллар бағамы 460 теңгеге дейін көтерілді және көбінесе осыған бағдар ұстау керек», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Сонымен қатар, Әлібек Қуантыров қаңтарда зардап шеккен кәсіпкерлерге салық жеңілдігі қарастырылатынын жеткізді. Айта кетейік, мемлекет басшысы қаңтар айындағы оқиғаларда келтірілген залалды өтеу, бизнеске жәрдем көрсету бойынша тапсырма жүктеген еді. Бұл ретте берілген өтемақы сомасы бойынша бизнес өкілдерін салық міндеттемесінен босатуға қатысты нормалар ұсынылатын болады.