Қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктерге қарызы 7,5 трлн теңгеге жеткен

13.01.2021 00:36

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты

Almaty.tv

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылдың басынан бастап халықтың несиесі 7,36 трлн теңгеге дейін жеткенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2020 жылдың басынан бастап халықтың кредиттері 7,36 трлн теңгеге дейін, 10,5 пайызға ұлғайды. Олардың құрылымында тұтынушылық қарыздар 4,3 трлн теңгеге дейін, яғни 3,2 пайызға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар - 2,3 трлн теңгеге дейін, 27,8 пайызға өсті», – деді ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев.