Шараға 300-ге жуық маман қатысты
Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында іске асырылып жатқан және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының қатысушыларымен кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шараға 300-ге жуық маман қатысты. Олар білім беруде, геологиялық барлауда, сауда және логистикада, өнеркәсіпте, оның ішінде жаңа индустрияда, құрылыста, өңірлік дамуда, денсаулық сақтауда, медиа саласында, ауыл шаруашылығында, туризм мен су ресурстары саласында 37 нақты міндетті шешу үшін қажетті жаңа тәсілдер мен идеяларды таныстырды. Аталған бағдарламаның мақсаты – экономиканың негізгі салаларын трансформациялау үшін нақты ұсыныстар әзірлеу. Осы жылдың басында өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша 2 958 үміткердің ішінен үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде жетекші ұлттық және шетелдік ұйымдарда еңбек еткен 230 сарапшы іріктеліп алынды.