Қазақстан қандай экономикалық дағдарысқа ұшырауы мүмкін?
Дүниежүзінде болып жатқан жағдай, коронавирус инфекциясының таралуы мұнай бағасының төмендеуіне алып келді деп хабарлады Almaty.tv.
Каратинге байланысты енгізіліп жатқан автокөлік қозғалысының азаюы мұнайдың сұранысына кері әсер етуде. Мұнай өндіруші мемлекеттердің арасындағы сауда соғысы жағдайды тіпті шиеленістіріп жіберді. Қазір тек Қазақстанның экономикасы ғана емес, бүкіл дүниежүзінің экономикасы сын сағатты басынан өткеруде.
Әлемдік мұнай бағасы тағы құлдырап, Brent маркалы мұнай бағасы түсіп, америкалық WTI маркалы мұнай 14% -ға дейін арзандаған. Бұның арты неге әкеледі?
Қазақстан қандай экономикалық дағдарысқа ұшырауы мүмкін? Осы мәселеге қатысты GSB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық әлеуметтік желі арқылы сұхбат беріп, пікір білдірді.
«Сәлеметсіздер ме! Жалпы қазіргі экономикалық ахуалға шолу жасасақ. Бірден айту керек, коронавирустың әлемдік пандемияға айналған себебінен қазір Еуропа ең қауіпсіз аймақтар қатарына шығарылып отыр және бұл үлкен қор биржаларындағы үлкен, қиын жағдайларларға әкеліп отыр. Қазақстандағы қор биржасы және Қазақстан КАСЕ нарығында ойнайтын инвесторларды долларды сатпауға, асықпауға, оны қолда ұстай тұруға дейін барып отыр. Бұл белгілі бір дәрежеде доллардың бағамының күрт қымбаттауына септігін тигізіп отыр. Әрине, ең негізгі фактор әлемдегі мұнай бағасының бір барреліне 25 долларға дейін түсіп кеткендігі септігін тигізіп отыр. Оның салдарынан кеше 1 доллар 80 рубльден асып жығылды. Әрине бұл бүгінгі күні біздің теңгенің қатты құнсыздануына септігін тигізіп отыр. Бұл факторлардың барлығы жинала келе, бізде КАСЕ және Ұлттық банк өткен апталарда Франкфурттық режим негізінде доллар мен теңге айырмасы бағамын белгілейміз деген шешім қабылданған болатын.
Бұл жанама түрде теңгенің қатты құнсызданып кетуіне жол бермеу мақсатында жасалған шешім. Әрине, ертең КАСЕ жұмыс істей ме, бұл да сұрақ. Егер жасамай қалған жағдайда, онда осы наурыздың 26-сына дейінгі аралықта теңгенің бағамын қара нарық белгілейтін болады. Ол дегеніміз адамдар айырбас пункттеріне барып, долларды 500-600 теңгеге сатшы деген келісімдердің орын алуына септігін тигізуі мүмкін. Сондықтан КАСЕ-нің жұмыс істегені дұрыс деген шешімді айтқым келеді. Бұл жағдайдың барлығы халықтың төлем қабілетінің нашарлануына, қолындағы қаражатының құнсыздануына әсер етіп отыр. Сондықтан мемлекет дағдарысқа қарсы нақты қадамдар жасауы керек.
Халықтың қолындағы төлем қабілеттілігін арттыру үшін жалақыны ұлғайту, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету сияқты нақты қадамдарға көшулері шарт. Халыққа айтарым, осындай сәтте бірінші кезекте, сіздердің жақындарыңыздың, отбасыларыңыздың денсаулығы өте маңызды. Сондықтан егер халқымыз ауырып қалатын жағдай болса, ауру өршіп кететін болса, онда теңге бағамы екінші жоспарда қалады. Сондықтан денсаулығыңызды күтіңіз деп айтқым келеді», – деді GSB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат ХАЛЫҚ