Былтыр Қазақстан мен Түркияның сауда айналымы 2 млрд долларды құраған

Былтыр Қазақстан мен Түркияның сауда айналымы 2 млрд долларды құраған
Қазақстан көбінесе Түркиядан құрылыс материалдары мен жеңіл өнеркәсіп саласына қатысты тауарларды импорттайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркия мен Қазақстан сауда айналымы өткен жылы 2 миллиард долларға жеткен. Бірақ бұл аса жоғары көрсеткіш емес деді бауырлас елдің өкілдері, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстан көбінесе Түркиядан құрылыс материалдары мен жеңіл өнеркәсіп саласына қатысты тауарларды импорттайды. Алматыда екі елдің кәсіпкерлері кездесіп, тауар айналымын арттыру мақсатында келісімшарттар жасасып жатыр. Үш күнге жалғасатын шарада тұтынушылар талабына сай тауар шығару мен жеткізудің жолдарын қарастырады. Бұл жолы жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша өнімдерін ұсынған түріктер егер сұраныс болса тауарды Қазақстанға экспорттамай-ақ, зауыт-фабрика салуға ниетті екендерін де білдірді. Сан сала бойынша әріптестік көкжиегін кеңейтпек болған екі ел кәсіпкерлерінің сауда айналымы өткен жылы 1 миллиард 900 миллион долларды құраған. 

«Біз Қазақстандағы саяси жағдайды қолдаймыз. Қашанда қолдау білдіреміз. Осы жолы текстил саласы бойынша әріптестік орнатып жатырмыз. Бірлескен қазақ-түрік компаниялары көп. Біз жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша да фабрика салуға ниеттіміз. Бірақ зауытқа қажетті аппараттарды әкелмес бұрын, алдымен шикізат пен сұранысты анықтау керек. Өткен жылы екі елдің тауар айналымы 2 миллиард долларға жуықтады. Биыл бұл көрсеткіштен асыру жоспарда бар», – деді Түркияның Алматыдағы бас консулдығының сауда атташесі Осман БОЗТЕПЕ.    


Новости партнеров