Атырау облысында 800 қой шешектен емес, аштан өлген

Атырау облысында 800 қой шешектен емес, аштан өлген
Шопандар шығын көлемі 60-70 миллион теңге дейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында сегіз жүз қойдың қырылуына шешек дерті себеп болған жоқ. Ауылшаруашылық министрлігінің өкілдері аймақтағы Құрманғазы ауданы, Сүйінбай ауылындағы мал басының жаппай қырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ведомстводағылар сәуір айында басталған қырылу фактісін зерттеген. Аймақтан шешек, не басқа да індет таппаған. Ветеренариялық зерттеулер осыншама қырғынға малдың қыстан әлсіз шығуы, аштық түрткі болды деп отыр.

«Дұрыс азықтанбаған мал қыстан қиналып шыққан, соның кесірінен иммунитеті әлсіреген. Қазір осының барлығы тексеріліп жатыр. Тиісті шаралар қолданылады деп үміттенеміз», – дейді ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Салтанат ӘБІЛҚАСЫМОВА.

Естеріңізге сала кетсек, қойлардың жаппай қырылуы Сүйіндік ауылындағы асыл тұқымды қой шаруашылығында басталған еді. Сәуірде алғашқы жағдай тіркелген. Жергілікті малшылар екі мың қойдың өлгенін, қалғанын құтқарып қалуы үшін 36 мың дана екпе, 200 литрге жуық дезинфекцияны жеке қаражаттарына сұйықтық сатып алғанын алға тартуда. Шығын көлемін 60-70 миллион теңге дейді. Сондықтан мал бағушылар мемлекет індетті анықтап, мүмкіндігінше дотация, болмаса компенсация төлеуді сұрап отыр.

«Бізде ауыл шаруашылық саласында бұйрық бар. Аса қауіпті аурулардың тізімі бар. Сол бойынша егерде малдың сол тізімдегі аурулардың бірімен ауырғаны анықталса, мал иесіне тиісті төлемақы төленеді. Бірақ та Ұлттық референттік орталықтың лабораториясының сараптамасы ондай дерт анықтаған жоқ», – дейді дейді ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Салтанат ӘБІЛҚАСЫМОВА.

Мамандар әлі екі апта малдың қырылу себебін анықтайды. Жергілікті су көздерінен, жерден сынама алынбақ. Тағы бір айта кетер жайт, бүгінде 2000 қой емес, сегіз жүз мал басы қырылған деп отыр министрлік.

Новости партнеров