АҚШ долларының өсуі елімізге қалай әсер етеді

egemen.kz
egemen.kz
Бұл туралы экономист Мақсат Халық айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуді қарастырады. Елдегі инфляцияның баяулауына ықпал ететін мұндай шара екінші жартыжылдықта жүзеге асуы мүмкін. Ал АҚШ-та Федералды резервтер жүйесі бір жылда бірінші рет пайыздық мөлшерлемені көтерген жоқ. Жылдық өсім байқалмаған елдің мұндай шешімі дамушы елдердің шетелден қарыз алу мүмкіндігін шектейді.

Бұл туралы Almaty.tv телеарнасына тікелей байланысқа шыққан экономист Мақсат Халық айтып береді.

– АҚШ Федералды резервтер жүйесі, яғни олардың орталық банкі доллардың кілттік пайыздық мөлшерлемесін (бізде базалық пайыздық мөлшерлеме) өзгеріссіз қалдырып отыр. Бұл соңғы 1 жылдаңы алғашқы нақты шешім болды. Американың Федералды резервтер жүйесі базалық мөлшерлеменің қазіргі уақытта баяу қалыпқа келіп жатқанын айтады. Сондықтан іскерлік ортаға белгілі бір дәрежеде ауыртпалық түсіп кетпес үшін осындай мақсатты көздеп отыр деуге негіз бар. Базалық мөлшерлемені осы дәлізде сақтап, ақша-несие саясатында өрбитін процесті бақылауда ұстамақ.

– Ал бұл экономикалық өзгерістің қандай астары болуы мүмкін?

– Мұның негізгі астарына тоқталатын болсақ, Американың орталық банкі елдегі инфляцияны 2 пайыз дәлізге дейін жеткізуді және елдегі жұмысбастылықты максималды деңгейге жеткізуді көздеп отыр. Ал қазіргі жағдайда экономикалық өсім тежеліп келеді. Сондықтан Америка экономикасындағы тежеліс аяқталып, белсенділік жандануы үшін осындай қадамға барып отыр деуге негіз бар. Дейтұрғанмен түрлі сарапшының пікіріне сүйенсек, Америка Федералды жүйесі жыл соңына дейін әлде де доллардың кілттік пайыздық мөлшерлемесін 75 пайыздық пунктке көтеруі, яғни 5,75 пайызға дейін өсіруі мүмкін деген болжамдар бар. Егер де ол сценарий орнайтын болса, онда Америка әлде де өзінің ақша-несие саясатын қатаңдата түспек.

– Мұның барлығы Қазақстанға қалай әсер етеді? Біз үшін тиімді деген пікірді де естідік...

– Иә, 5 пайыздан өсірмей қойғанының бір тиімділігі бар. Бұл белгілі бір дәрежеде біздің теңгемізге қысым жасамайды. Егер де Американың орталық банкі доллардың кілттік пайыздық мөлшерлемесін одан әрі де өсіре беретін болса, Америка долларының құндылығы артады. Тиісінше, өзге де дамыған мемлекеттердің де, дамушы елдердің де валютасы долларға қатысты құнын жоғалтады. Ал енді сақталып қалса, демек, теңгеге деген қысым азайып, өзінің құндылығын сақтап тұрмақ.  

Оқи отырыңыз: 15 маусымға арналған валюта бағамы

Новости партнеров