|
15.06.2023 | 20:55
524

Мүмкіндігі шектеулі жандар Almaty TV арнасына келді

Олар телеарнаның жұмысымен танысты

Мүмкіндігі шектеулі жандар Almaty TV арнасына келді Almaty.tv

Мүмкіндігі шектеулі жандар телеарнаның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мен инклюзивті ақпараттық порталының мүшелері қызығушылық танытып, біздің арнаға ат басын арнайы бұрған. Қонақтарға түсірілім алаңы, дыбыс жазу студиясы, монтаж бөлмесі сынды маңызды орындар көрсетіліп, телеарнаның басқа да бөлімдерінің атқарып жатқан жұмыстары таныстырылды.

«Бізді телеарна ұжымы ыстық қарсы алды. Өте қуаныштымыз. Мұндай студияны бірінші рет көріп тұрмыз», – дейді  «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мен инклюзивті ақпараттық порталының мүшесі Эльмира Смағұлова.

Келген қонақтар болашақта телеарнада қызмет етуді армандайтынын да айтты. Қазір мақсатымызды жүзеге асыру үшін тынбастан еңбек етіп жатырмыз дейді.

«Журналистикаға талпынып жүрміз, сұрақтарды дайындап, қонақтармен сөйлесу жағын үйреніп жатырмыз. Маған өзіме қызығы әртүрлі қонақ әртүрлі мінезбен, әртүрлі ойлармен келеді. Солармен сұхбаттасып, сұрақ қойып, өзіме жаңалық ашқым келеді», – дейді «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мен инклюзивті ақпараттық порталының мүшесі  Алмас Мұқажанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир