Еліміздегі қара отын құнына қатысты деректерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі Қанат Байытов берді. Оның сөзінше, ұлттық экономика берген мәліметке сәйкес, делдалдар тауар биржасында көмір бағасын 90 пайызға өсіріп саудалауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні түрлі кен орындарынан өндірілген әртүрлі көмір маркасы өндіру және сату нүктесіне дейінгі ара қашықтығына байланысты 7 мыңнан 19 мың теңгеге дейін ауытқу бар. Мәселен, біз Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мониторинг жасадық. Қазіргі уақытта шаһардың әртүрлі бөлігіндегі 11 нүктеде көмір сатумен айналысатын 8 компанияны анықтадық. Жеткізуді есепке алмағанда, орташа бағасы 12 мың теңге», - деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат БАЙЫТОВ.