Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп жүргендер бизнес өкілімен кездесті

16.02.2023 01:44

Кәсібін дөңгелетемін дегендерге қалалық әкімдік барынша көңіл бөлуде

Алматы телеарнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп жүргендер Алматының шағын және орта бизнес өкілдерімен де кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсібін дөңгелетемін дегендерге қалалық әкімдік барынша көңіл бөліп, қолайлы жағдай жасап келеді. Биыл кәсіпкерлерді қолдауға 50 миллиард теңге қарастырылып отыр. Былтыр бұл мақсатқа 48,1 миллиард теңге бөлініп, үш жарым мың жоба қаржыландырылған екен.

Айта кетейік, бұдан былай жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру мақсатында маңызды 5 қағидатқа аса мән беріледі. Ол әділ бәсекелестік, қабылданатын шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, бизнестің салықтық тазалығы және кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі.

“Сыбайлас жемқорлық елімізде жүргізіліп жатқан экономика және әлеуметтік реформалар, ұлттық қауіпсіздікке кедергі келтіретін қатер болып саналады. Сондықтан, Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан күннен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ел басшысының тұрақты назарында және мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарының бірі болып табылады”, – деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев.