|
05.07.2023 | 21:09
869

Кәсіпкерлерге қолдау: Алматыда шағын несиелеу бағдарламасы бойынша қанша қаражат бөлінді

Ол Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асуда

Кәсіпкерлерге қолдау: Алматыда шағын несиелеу бағдарламасы бойынша қанша қаражат бөлінді baq.kz

Жастарды шағын несиелеу бағдарламасы бойынша Алматыда 400 млн теңге қаражат бөлініп, оның тең жартысы мақұлданған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асуда.

Ләззат Дүйсенова - клинингтік компанияның жетекшісі. 2 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан кәсіп иесі 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Енді шағын несиелеу бағдарламасына қатысып, кәсібін дөңгелетпек ниетте.

«Түрлі мүмкіндіктерді іздедік. Басқа да несие түрлерін қарастырдық, бірақ біз үшін ол қалтамызға сай келмеді. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаларды іздеп, жеке кәсіпкерлерді дамытуға арналған 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін қаржыландыратын бағдарламасына қатысып, соны ұтып алдық», – дейді кәсіпкер Ләззат Дүйсенова.

Ал Уәлихан Әуезхановтың балалар жиһазын жасап шығаратын шағын цехы бар. 3 жыл еңбек өтілі бар шебер де өз саласымен кәсіби түрде айналысып, жаңа құрылғылар алу үшін мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгінген. Айтуынша, пайыздық мөлшерлемесі аз несие төлеу  – жас кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік.

«Мен бұл бағдарлама жайлы танысымнан естіп қалдым. Бірден хабарласып, әрекет ете бастадым. Бас-аяғы 2 ай уақыттың ішінде өзіме қажетті соманы қолыма алдым. Өте қолайлы бағдарлама», – дейді кәсіпкер Уәлихан Әуезханов.

Шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген кезде жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бірақ несие кепіл арқылы беріледі.

«Кепілге үй, пәтер немесе жер, ауыр техникалар қоюға болады. Кепілдің сомасы 10 млн-нан жоғары болу керек, 5 млн алу үшін», – дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие бөлімінің кеңесшісі Ерасыл Амангелдіұлы.

Несие сомасы 5 млн теңгеге дейін. Ал сыйақының жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайды. Кәсібін енді бастағысы келетін кез келген жас өз жобасын ұсына алады. Алайда мұнда бір шектеу бар.

«Ойын-сауықпен, арақ-шараппен, қару –жарақпен айналысатын кәсіптерге қаржыландыру қарастырылмайды.Басқа ешкандай шектеу жоқ», – дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие бөлімінің кеңесшісі Ерасыл Амангелдіұлы.

Шағын несие беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған комиссия қабылдайды. Олардың құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен кәсіпкерлер кіреді. Несие алуға үміткерлер бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады. Кейін кәсіпкердің жобасын бағалап, шешім қабылданады.

Гүлмарал Изатқызы, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир