Карантиннен кейін шағын және орта бизнестің жұмысы қалай жанданады

28.04.2020 в 02:25

Экономист мамандар нендей болжам жасап отыр

almaty.tv

Карантиннен кейін экономикалық жағдай қандай болмақ? Шағын және орта бизнестің жұмысы қалай жанданады? Экономист мамандар нендей болжам жасап отыр? Almaty.tv арнасына GSB UIB директорының орынбасары, экономист Мақсат Халық пікір білдірді.

«Қазіргі таңда жалпы зардап шегіп отырған сала – шағын және орта бизнес. Нақты айтатын болсақ, қызмет көрсету саласымен байланысты болып отыр. Бұл қонақ үй бизнесі, туризм саласы, бұл мейрамхана ісі, бұл қоғамдық тамақтану саласы болып отыр. Ал енді карантиннен кейін көптеген шағын және орта бизнес, ірі бизнес зардап шегеді. Өйткені олар заманның өзгеруіне байланысты, жаңа талаптарға байланысты бірден жылдам бейімделуге мүмкіндігі жоқ. Ал, шағын бизнес тез бейімделетін болады. Бірақ та шағын бизнестің өзі банкротқа ұшырайтын болады. IT саласы, ақпараттық технологиялар соның ішінде жасанды интеллект, роботтандыру салаларымен байланыста болғандар  керісінше дамитын болады. Енді осы салаға бейімделген, бизнесін офлайннан онлайнға ауыстыра алған кәсіп иелері табыс табатын болады. Алдағы уақытта біз осындай тенденцияны байқайтын боламыз. Егер кәсіп иесі болсаңыз, онда өзіңізге шығын келтіріп отырған салалардан бас тартып, дағдарысты мойындап, жаңа инновация бағытына қарай көшкеніңіз дұрыс. Болашақ осындай салаларда», – деді ХАЛЫҚ.