Бақытжан Сағынтаев қаладағы экономикалық ахуалды бизнес өкілдерімен бірге талқылады

13.03.2020 в 02:28

Қала әкімі бір күнде төрт бірдей кеңес өткізді

Алматы әкімі Б. Сағынтаев қала экономикасының түрлі секторларының өкілдерімен тұрақтылықты сақтау және дағдарысқа қарсы шаралар пакетін әзірлеу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қала әкімі бір күн ішінде көлік және логистика, банк секторы, сауда кәсіпорындары, өнеркәсіп және өндірістік компаниялар өкілдерімен бірге төрт кеңес өткізді. Кездесулерде ДДҰ пандемия деп жариялаған коронавирус инфекциясының тарауына жол бермеу мақсатында компаниялар  қызметкерлері мен клиенттердің қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету мәселелері айтылды.

Бұлардан өзге, коронавирус бойынша қолайсыз елдермен авиақатынастың шектелуі және жүк тасымалының төмендеуі жағдайында кәсіпорындар мен компаниялар қызметтерінің перспективалары талқыланды. Әлемдік нарықтағы күрделі жағдай да кері әсерін тигізуде.

«Біз істің нақтылы жағдайын анықтау және қала экономикасының түрлі секторларында жағдайдың даму мүмкіндіктерін болжау үшін кездесіп отырмыз», - деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Кездесуде сауда айналымын сақтау,  жұмыспен қамту, бизнес пен отандық тауар өндірушілерді ынталандыру және қолдау көрсету мәселелері де пысықталды. Бұдан өзге, супермаркеттер мен базарларда өнімдерге бағаны асырып қоюға жол бермеудің барынша маңызды екені атап өтілді