Алматыда ШОБ өкілдеріне 4,5 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді

05.09.2024 02:51
Almaty.tv

Алматыда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында соңғы 5 жылда 656 жоба қаржыландырылып, 2716 жұмыс орны құрылды. Ал осы жылдың бірінші жартысында 55 шағын және орта бизнес өкілдеріне 4,5 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

Қазір нәтиже қандай? Қалада кәсіпкерлік қай бағытта қарқын алуда? Іскерлер бюджетке қандай пайда әкеліп жатыр? Осы және өзге сұрақтарға "Алматы" телеарнасының студия қонағы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Шағын және орта бизнес бөлімінің бас маманы Альбина Жұмаш жауап береді.

Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.