Реестр қазір жұмыс үстінде және otp.kz. мекенжайы бойынша оған еркін қолжеткізуге болады
Алматылық 512 компания отандық өндірушілер тізіліміне енді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онлайн-брифинг барысында мемлекеттік сатып алу арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдаудың маңызды тақырыптары қайта қозғалды.
Еске салсақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отандық өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлуде. Бұл аспектінің маңыздылығына орай отандық сипаты бар кәсіпорындарды жергілікті қамту бойынша кешенді қолдау шаралар жүзеге асуда.
Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев өз күшін ағымдағы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғастыратын отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған әрі мемлекеттік сатып алуға қатысты арнайы тәртіпті қолданудың басым тұстары жайлы айтып берді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай кезеңінде барлық тауарлар отандық тауар өндірушілер арасында бірінші кезектегі (кезек күттірмейтін) тәртіппен міндетті CT-KZ сертификаттарын ұсыну арқылы сатып алынады», – деді Р. Әлиев және егер жеткізуші тарапынан енгізілген карантин шараларына байланысты келісімшарт орындалмаған болса, мемлекеттік органдар мен квазикомпаниялар айыппұл шараларын қолданбайтынын айтты.
Сондай-ақ, бұрындары халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы болған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы әкім реестрі» платформасы құрылды.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов қазіргі кезде бұл реестрге CT-KZ сертификаттары және жеке индустриялық сертификаттары бар 512 алматылық компанияның, 12,000 тауар позициясының енгенін мәлімдеді.
«Реестр қазір жұмыс үстінде және otp.kz. мекенжайы бойынша оған еркін қолжеткізуге болады. Тілек білдірушілердің барлығы еш қиындықсыз реестрді көрсету арқылы өзіне керек өндірушіні таба алады. Компаниясын аталған базаға енгізгісі келген кәсіпкерлер қолдарында қажетті сертификаттары арқылы оны жүзеге асыра алады», – деп хабарлады Н. Әбілшайықов.
Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алуудың жалпы көлемінің ұлғаюына байланысты отандық өндірушілерге көмек көрсетуде мүмкіндіктерінің арта түскені аталып өтті.