Елімізде жұмыссыз жастар саны 3,6%-ға азайды

05.04.2019 03:03

Үш жылда 60 мың жас қайта оқыту курсынан өтеді

Үш жылда еліміздегі 60 мың жас қайта оқыту курсынан өтікізіліп, жұмысқа орналастырылады. Бұл үшін мемлекет бюджетінен 4,5 миллиард теңге жұмсамақ деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жұмыстар «Бастау бизнес» жобасы аясында қолға алынады. «Жастар жылына» бағытталған жол картасына сәйкес, жұмыссыз және біліктілігін арттырмаған жастар үлесін жыл сайын бір пайыздан төмендету көзделген.

Соңғы жылдары жұмыссыз жастардың үлесі 4 пайыздан 3,6 пайызға азайыпты. Өткен жылдың IV тоқсанындағы сандарға үңілсек, жастардың жұмыссыз, оқытылмаған және біліктілігін арттырмағандары 7 пайызды құрады. 2017-ші жылы бұл көрсеткіш 8,3 пайызды көрсеткен.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде мемлекеттік қызметке білікті кадрлар мен жастарды орналастыру үшін арнайы бағдарламаның құрылатынын да хабарлаған болатын.