|
05.06.2020 | 22:14
1317

Отандық тауар өндірушілерге қолдау артады

Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 100 млрд бөлінді

Отандық тауар өндірушілерге қолдау артады almaty.tv

Отандық тауар өндірушілерге бұрынғыдан да қолдау артады. Енді бұл тұрғыда қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың төрағалығымен арнайы комиссия жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 100 млрд бөлінді. Оның 75 млрд теңгесі құрылыс заттарын сатып алу жоспарланып отыр. Бұдан былай мердігер компанияларға нысан салуға қажетті құрылыс материалдарын пайдалануда отандық өнімді сатып алу міндеттелмек. Мамандар бұл өз кәсіпкерлеріміздің жұмысы алға басуына үлкен мүмкіндік деп отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері мемлкеттік тауарлар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі өткен жылға қарағанда 67 млрд теңгеге артқан.

«Бүгінде «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында құрылыс нысандары салынып жатыр. Олардың жүйелі жұмыс істеуін қамтамассыз ету үшін бұдан былай қаладағы 8 ауданда мобильді топ құрылды. Оның құрамында Nur Otan партиясы өкілдері, қала әкімдігі және «Атамакен» ҰКП қызметкерлері бар», – деді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман ӘБІЛШАЙЫҚОВ.  

Сондай-ақ, бүгінге дейін «Жұмыспен қамту» жол картасын жүзеге асыру аясында 379 конкурс өткізілген. Әр қатысушы құқығының қорғалуы үшін заң нормаларының сақталуына қатысты тұрақты мониторинг те жүргізіліп отырады. Онлайн брифингте отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған тәртіптің негізгі үш бағыты айтылды.

«Біріншіден, бұл сатып алу кейінге қалдыруға болмайтын және төтенше жағдаймен байланысты бірінші кезектегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтер болып табылады. Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай кезінде барлық тауарлар бірінші кезекте отандық тауар өндірушілер арасында сатып алынады. Үшіншіден, бюджеттік бағдарламалар әкімшілік қызметтер мен жұмыстар бойынша барлық төлемдері 5 күн ішінде жүзеге асырылады», – деді қалалық Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем ӘЛИЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир