1 ақпаннан бастап ақша айырбастау тек жеке куәлікпен жүзеге асырылады

15.01.2020 03:29

Енді 500 мың теңгеге дейін ақша айырбастаған адамның аты-жөні және ЖСН-і жазылады

Жаңарған валюта алмастыру ережелерін Ұлттық банк өкілдері түсіндірді. Енді 500 мың теңгеге дейін ақша айырбастаған адамның аты-жөні және жеке сәйкестендіру нөмірі жазылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бұл процесс автоматты түрде жүзеге асады. Арнайы құрылғы куәліктегі чип арқылы ондағы барлық ақпаратты жүйеге енгізеді. Ал, айырбастайтын қаражат 500 мың теңгеден көп болса, ондағы ереже өзгеріссіз қалады.

Еске сала кетейік, аталған жаңашылдықты енгізбес бұрын, қоғам белсенділерімен және бизнес-қауымдастықпен бірнеше мәрте талқылаулар өткен болатын. Нәтижесінде көптеген ұсыныстар мен ескертулер назарға алынып, осындай қорытындыға келген. Бұдан былай ақша айырбастау пунктері таңғы 9-дан кешкі 20.00-ге дейін ғана жұмыс істейтін болады.