Қазақстанда ATFBusiness мобильді қосымшасын қолданатын кәсіпкер саны 10 мыңнан асқан

esquire.kz
esquire.kz
Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, серіктестерге ақша аудару, түрлі төлемдер жасау – бәрін санаулы минутта істеуге болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қыркүйек айы жаңа бизнес маусымның басталатын кезеңі. Жаз бойы үзілісте тұрған бизнес  міндеттерді орындауды қолға алатын, белсенділік танытатын уақыт келді дегенді білдіреді. Алайда биыл кәсіпкерлерге әлемді шарпыған пандемия ауыртпалық тудырды. Қазақстандағы шағын бизнес жаңа талаптарға қалай икемделіп жатқаны туралы Almaty.tv тілшісінің келесі бейнематериалда.

Кәсіпкер Нұрдос Құлжанбеков АТФ Банктің қызметін 11 жылдан бері қолданып келеді. Тіс дәрігерінің жеке емханасы бар. Оған бизнесті ұтымды басқаруға АТФ Банктің ATFBusiness  мобильді қосымшасы көмектеседі. Тұрақты клиенттің айтуынша, қаржыны қолайлы басқаруға онлайн банкингтің көмегі орасан зор.

«Бұл мобильді қосымшаның артықшылығы интерфейсы өте ыңғайлы. Оңай қолдануға болады және де мына карантин кезінде әсіресе жақсы көмектесті», – деді АТФбанктің клиенті Нұрдос Құлжанбеков.

ATFBusiness – бұл бизнес қаржысын көп уақыт жоғалтпастан және банкке бармай-ақ басқару тәсілі. Шот ашу, бизнес картаға тапсырыс беру, ақша аударымдарын жасау әлде қажетті үзінді алу – мұның барлығын ноутбук немесе смартфондағы мобильді қосымшаның көмегімен жылдам жасауға болады.

«ATFBusiness – бұл мобильді банкинг, оны біз арнайы жеке кәсіпкерлер үшін ойластырып, наурыз айының басында іске қосқан болатынбыз. Кейін белгілі болғандай, бұл әрекет дер кезінде жасалған екен. ATFBusiness көмегімен біз жағдайды игере алдық, АТФБанк және оның клиенттері арасындағы қаржылық міндеттерді орындау бойынша өзара қарым-қатынас онлайн түрде еш қиындықсыз орындала берді», – деді АТФБанктің шоб өнімдерін әзірлеу басқармасы Назым Интина.

Икемділік пен ұтқырлық  – кәсіпкерлерге қиын кезеңдерде көмекке келетін пайдалы қасиеттер. Коронавирус пен бүкіл әлемді шарпыған дағдарыс тұсында бұл тағы да дәлелденді. Георгий Хачатурянның азық-түлік дүкені бар. Қиын жағдайда өз бизнесін сақтап қалуға кәсіпкерге жеке табандылығы, жақындарының қолдауы мен АТФБанктің мобильді қосымшасы көмектесті.

«ATFBusiness қосымшасы маған бизнесімнің қаржылық мәселелерін жедел шешу үшін қажет. Оның көмегімен мен өзіме керек барлық операцияларды интернет арқылы жасаймын, банк бөлімдеріне барудың қажеті жоқ.  Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, серіктестерге ақша аудару, бюджетке түрлі төлемдер жасау – бәрін санаулы минутта істеуге болады», – деді АТФБанктің клиенті Георгий Хачатурян.

Бүгінде ATFBusiness мобильді қосымшасын Қазақстан бойынша 10 мыңнан аса кәсіпкер  қолданады. Олардың  қатары  күн сайын артып келеді, өйткені қолданбамен банк қызметтері кез келген уақытта қол жетімді.

Жадыра Омаржан, Айдана Нұраш, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров